Құсайынов BoxRec рейтингісінде ТОП-100 қатарына енуге жақын
Қазақстандық боксшылар Абылайхан Құсайынов пен Нұрзат Сабыров канадалық Сорель-Трэсидегі бокс кешінде жеңіске жетті.
Құсайынов мексикалық Франсиско Гарсияны төртінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Ал Сабыров мексикалық Хесус Сильвейраны төрешілер шешімімен ұтты.
Осы жеңістерінің арқасында боксшылар BoxRec рейтингісінде жағдайларын жақсартып алды. Жеңіл салмақта Құсайынов 175-ші орыннан 115-ке жоғарылады. Ал Сабыров суперорта салмақта 297-позициядан 235-ші сатыға көтерілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или