Сондерс пен Лемье салмақ өлшеу кезінде тыр жалаңаш шешініп тастады

Сондерс пен Лемье салмақ өлшеу кезінде тыр жалаңаш шешініп тастады

16 желтоқсанда Канададағы Place Bell аренасында бокс кеші өтпек. Бұл кештің басты жекпе-жегінде WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс пен осы титулға үміткер Давид Лемье жұдырықтасады.

Кеше боксшылар салмақ өлшеу рәсіміне қатысқан болатын. Қос боксшы да қажетті салмақтан (72,6 кг) асқан жоқ. Бір қызығы, салмақ өлшер кезінде боксшылар тыр жалаңаш шешініп тастады.

Айта кетейік, бұл жекпе-жектің жеңімпазы 2018 жылы Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы екінші кездесуде жеңген боксшымен кездеседі деп күтілуде.

Сондерс пен Лемье салмақ өлшеу кезінде тыр жалаңаш шешініп тастады

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или