«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында конькимен сырғанауды тегін үйрету сабақтары өтеді

«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында конькимен сырғанауды тегін үйрету сабақтары  өтеді

Желтоқсанның 17-і күні сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін Жібек жолы - Абылай хан көшесінде және Тұңғыш Президенті саябағының алдында орналасқан  тегін мұз айдындарында «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында конькимен сырғанауды тегін үйрету сабақтары  өтеді.

Бағдарлама аясында кез келген коньки тебуші тәжірибелі жаттықтырушылардың көмегіне жүгіне алады. Ал, мұз айдының келушілері көптеген қызықты ойындарға қатысып, бағалы сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндіктері бар.

Спорттық шараның басты мақсаты қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырту болып табылады. Акция «Спорттык Алматы» бағдарламасына 2017 жылдың ақпанның  25-і қосылған болатын. «Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылды. 

Естеріңізге сала кетсек, Алматыда қазіргі таңда төрт ауданда 24 сағат  тегін жұмыс жасайтын  мұз айдындары іске қосылды. Алдағы уақытта  әлі бірнеше тегін мұз айындары іске қосылады. Олар қыс мезгілінің соңына дейін жұмыс істейді. Жоба ұйымдастырушысы Алматы қаласының әкімдігі болып табылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или