Мұса Тұрсынғалиев: Өз дивизионымда барлық белбеуді жеңіп алмақпын

Мұса Тұрсынғалиев: Өз дивизионымда барлық белбеуді жеңіп алмақпын

Қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиев келер жылдағы жоспарларымен бөлісті.

«Келесі жылға жоспарларым үлкен: өз дивизионымда бірінші нөмір болып, барлық белбеуді жеңіп алмақпын. Рингке IBF WORLD титулын ұтып алу үшін 2018 жылдың ақпанында ораламын», - деп жазды Тұрсынғалиев Instagram-да.

Айта кетейік, Мұса 10 қарашада кәсіпқой бокстағы мансабын бастап, осы уақытқа дейін 8 жеңіске қол жеткізді.

Енді ол 10 ақпанда IBF нұсқасы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы атану үшін жекпе-жек өткізеді. Екінші жартылай жеңіл салмақта Тұрсынғалиев Мехикода мексикалық Хосе Гонсалеспен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или