Рустам Сваев техникалық нокаутпен жеңіліс тапты

Рустам Сваев техникалық нокаутпен жеңіліс тапты

Бүгін Екатеринбургте RCC Boxing промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокс кеші өтті.

Бокс кеші аясында қазақстандық Рустам Сваев та өнер көрсетті. Өкініштісі сол, жерлесіміз өзінің кәсіпқой бокстағы екінші кездесуінде ресейлік қарсыласы Равшан Эргашевтан жеңіліп қалды.  

Кездесу <span>72,6 келі салмақ дәрежесінде өтіп, Сваев қарсыласына техникалық нокаутпен есе жіберді. </span>

<span>Естеріңізде болса, Рустам алғашқы кездесуін де Ресей жерінде ресейлік Василий Поднебесныйға қарсы өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или