Ломаченко чемпиондық белбеуін қорғады
Украиналық боксшы Василий Ломаченко АҚШ-та Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының екінші жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғап қалды.
Василий Ломаченко мен кубиндік Гильермо Ригондо - екі дүркін олимпиада чемпиондарының жекпе-жегін жанкүйерлер асыға күткен. Даңқты Madison Square Garden аренасында ине шаншарлық орын болмады, ал Ломаченконы залдағы көрермендер тік тұрып қарсы алды.
Жекпе-жек тартысты басталды. Алайда алғашқы бес раундта Василий Ломаченко қарсыласына қарағанда шапшаң әрі белсенді болды. Кездесудің алтыншы раундында Гильермо Ригондо жарақат алып қалғанына байланысты жұдырықтастуды жалғастырудан бас тартты.
Осылайша украиналық былғары қолғап шебері кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или