Ибрагим Ескендір алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

Ибрагим Ескендір алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

Қазақстандық танымал әнші Ибрагим Ескендір кәсіпқой боксқа бет бұрғандығын хабарлағанбыз.

Бүгін жерлесіміз өзінің алғашқы кездесуін өткізде. Мәскеу түбінде өткен кәсіпқой бокс кешіндегі қазақстандық боксшының қарсыласы қырғыз Шерғазы Шактанов болған еді. Жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған. Алайда Ибрагим кездесуді  мерзімінен бұрын аяқтады. Қазақстандық боксшы қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді. 

Айта кетсек, Ибрагим Ескендірді қазақстандықтар «Көк тудың желбірегені» әні арқылы жақсы таныйды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или