Басқа

Алматыда тегін мұз айдыны ашылды

news-banner7
mobile-news-top

Түрксіб ауданыңда орналасқан «Март» сауда орталығында жаппай сырғанауға арналған тағы бір тегін мұз айдыны ашылды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Бұл сырғанақ алматылықтар мен қала қонақтары үшін екі техникалық үзіліспен (мұзға байланысты) тәулік бойы тегін жұмыс істейді. Оның жалпы көлемі 722 шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, алаң конькилерді жалға беру және тамақтану орталықтарымен қамтамасыз етілген. Олар демалыс күндері 11:00-ден 23:00-ге дейін, ал жұмыс күндері 12:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Конькиді 1 сағатқа жалға алу 600 теңгені құраса, қонақтар өз конькилерімен келіп тегін сырғанауға мүмкіндік алады.

- Бұл сырғанақ өте керемет екен, Медеудегідей. Осы уақытқа дейін көптеген ареналарға барып жүрдік, енді осы жерге жиі келіп тұратын боламыз. Бүгін біз достарымызбен өз конькиімізді алып келдік. Қанша уақыт сырғанасан да өз қалауын, ал коньки алам дегендерге бағасы да арзан екен. Ұйымдастырушыларға рахмет, - деп Илья мен Эдвард өз ойларымен бөлісті.

Естеріңізге сала кетсек, желтоқсанның 1-і күні осындай тегін мұз айдындары Жібек жолы - Абылай хан көшесінде және Қазақстанның Тұңғыш Президенті саябағының алдында ашылған болатын. Олардың жалпы аумақтары 800 және 840 шаршы метрді құрайды.

Айта кетер жайт, барлық мұз айдындары жаңа жылдық безендіру стилінде рәсімделген. Бірнеше күндерден кейін тегін мұз алаңдары Әуезов ауданында, Жандосов көшесіндегі "Дубок" ықшам ауданында (жалпы ауданы 924 шаршы метр), Бостандық ауданында "Вилла дей Фиори" кешенінің маңында (600 шаршы метр), Медеу ауданы "Спартак" (Орталық мәдениет және демалыс саябағы) стадионында (800 шаршы метр), Алатау ауданы "Саялы" ықшам ауданында және Наурызбай ауданыңдағы № 174-ші гимназияның маңында іске қосылады.

Аталған мұз айдындар тек жаппай сырғанауға арналған. Олар қыс мезгілінің соңына дейін жұмыс істейді. Жоба ұйымдастырушысы Алматы қаласының әкімдігі болып табылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер