Нұрбақыт Теңізбаев: 2018 жылы күрес өзгереді. Бұл - бұрынғыдан басқаша

Нұрбақыт Теңізбаев: 2018 жылы күрес өзгереді. Бұл - бұрынғыдан басқаша

Грек-рим күресінен Пекин Олимпиадасының күміс жүлдегері және осы күндері ТАлдықорған қаласындағы спорт мектебінің директоры Нұрбақыт Теңізбаев Конфедерация кубогы жайлы өз ойымен бөлісті.

- Алматы облысының грек-рим командасын екі дүркін жеңісімен құттықтаймын. Бірінші кезекте, бұл - бапкерлер мен спортшылардың төккен маңдай тері, ерен еңбегі. Классиктер Конфедерация кубогын 5:3 есебімен аяқтады. Көпшілікке Демеу Жадыраевтың белдесуі ұнап жатыр. Әлбетте, ол - өте тәжірибелі, мықты балуан. Осыған дейін талай жарыстарда топ жарған. Бірақ олардың деңгейі ел ішіндегі жарыстармен шектеліп қалмауы тиіс. Командада жастардың үлесі басым болды. Үлкен балуандар әлем мен құрлық жарыстарында өздерін көрсетулері тиіс. Яғни, мұнымен шектеліп қалмаса екен.

Былтырмен салыстырып қарасақ, жеңімпаз команда өкілдері еш босаңсымай, чемпион екендігін дәлелдеп шықты. Күрес - командалық спорт түрі емес. Сондықтан Конфедерация кубогы секілді топтық сайыстар бізге керек-ақ. Ең алдымен облыстағы спорт саласының дамуына баға беруге мүмкіндік бар. Мәселен, аталған жарыста 6 спорт түрінен тартыс болса, еркін және грек-рим күресінен Алматы облысы чемпион атанды. Таэквондошылар - күміс, боксшылар қола медаль иеленді. Міне, нәтиже!

2018 жылдан бастап грек-рим күресі ережелеріне өзгеріс енгізіледі. Салмақ өлшеу рәсімі жарыс күнінде өтеді. Екі күн күреседі, сол екі күнде де салмақтан өтеді. Сондай-ақ, жаңа салмақ категориялары қосылып жатыр. Демек, қазақтың классикалық күресінде жаңа есімдер, жаңа жұлдыздар пайда болады. Күреске қайта оралып жатқан балуандар да бар. Бұл күрес - бұрынғыдан өзгерек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или