Шалқарда грек-рим күресінен республикалық жарыс өтеді
Шалқар қаласында 8-9 желтоқсан күндері ҚР Тәуелсіздік күніне орай жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен II республикалық турнир өтеді.

Дәстүрге айналған жарыс Ақтөбе облысында грек-рим күресінің негізін қалаушы Владимир Цехановичті еске алуға арналған. Ақтөбе аймағында сонау 1995 жылдан бастауын алған дүбірлі дода қалааралық жарыс ретінде өткізілген. Ал 2016 жылдан бері Владимир Цеханович турнирі грек-рим күресінен негізгі бұқаралық спорт шарасы ретінде республикалық күнтізбеге енгізілді.

Жарыстың бас қазысы, UWW ұйымының халықаралық дәрежедегі төрешісі Серік Жоламановтың айтуынша, жас балуандар UWW стандартына сай екі кілемде белдеседі.

Айта кетейік, Владимир Цеханович атындағы спорт мектебінің түлектері қатарында даңқты балуандар аз емес. Х жазғы КСРО ұлттар Спартакиадасының жеңімпазы Есенгелді Батыргарин, соңғы Азия және әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мирамбек Айнағұлов, Дәулет Жалғасов және Дінислам Сағытжан (кадеттер арасындағы Азия чемппионатының «алтын» медалы) сынды белді балуандар осы мектептен тәлім алған.