Ресей Олимпиада ойынынан шеттетілді

Ресей Олимпиада ойынынан шеттетілді

Лозанна қаласында Халықаралық Олимпиада комитетінің отырысы өтті. 

Комитеттің президенті Томас Бахтың қатысуымен өткен отырыста Ресей олимпиада комитетін алдағы Оңтүстік Кореяда өтетін Олимпиада ойындарына қатыстырмау туралы шешім қабылдады. 

Дегенмен Ресей спортшылары өзге елдің туы астында немесе белгілі бір ұйымның атынан жарысқа қатыса алады. Алайда жеңіске жеткен жағдайда Ресей туы көтеріліп Ресейдің әнұраны орындалмайтын болады. ХОК мұндай шешім қабылдауына соңғы Сочи Олимпиадасынан кейін ресейлік спортшылардың біразының допингпен ұсталуы себеп болып отыр. 

Естеріңізге салсақ, Пхенчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойыны 2018-жылдың 9-25 ақпаны аралығында өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или