Алматыда бразилиялық джиу-джитсудан Arlan Grip Final турнирі өтеді

Алматыда бразилиялық  джиу-джитсудан Arlan Grip Final турнирі өтеді

Желтоқсанның 8-і мен 10-ы күндері Arlan Grip аренада   бразилиялық джиу-джитсудан Arlan Grip Final  турнирі  және «ADCC ASIAN OPEN CHAMPIONSHIP»  Азия және Океания чемпионатының жалауы желбірейді. 

Аталмыш жарыстар  ADCC ережелеріне сәйкес түрлі салмақ дәрежелері  бойынша өтеді.

Ал желтоқсанның 10-ы күні «ADCC ASIAN OPEN CHAMPIONSHIP»   біріншілігіне кілең мықты джитсерлер жиналады. Бір жыл ішінде Arlan Grip Selection (1 орын prof)  жарысында сынға түскен спортшылар абсолюттік категорияға тегін тіркеле алады (өтінімдеріңізді 03.12.17 дейін info@arlangrip.kz поштасына жібере аласыздар).

Жүлде қоры *15 000$*

1 орын - 1200$ *(тек кәсіпқойлар)* 

2 орын - 500$ *(тек кәсіпқойлар)*

3 орын - 300$ *(тек кәсіпқойлар)*

Абсолютка  

1 орын - *5000$* *(тек кәсіпқойлар)*

*Тіркелу* : 

Ашылуы - 08.11.17 17:00-ден бастап

Жабылуы - 06.12.17 00:00-ден бастап

*www.arlangrip.kz* ресми сайтында тіркеле аласыздар.

 

Турнирдің басты мақсаты, Қазақстанда джиу-джитсуды дамытып, елге таныту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру, үздіктерді  анықтау. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом мен медальдермен марапатталады.

Салмақты өлшеу рәсімі қатысушы белдесуінің алдында өткізіледі, ал тіркелген салмағы  сәйкес келмеген жағдайда – спортшыны жарысқа қатысу құқығынан айырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или