Головкин 2017 жылдың үздік боксшысы атануы мүмкін

Головкин 2017 жылдың үздік боксшысы атануы мүмкін

Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин WorldBoxingNews.net британиялық танымал сайттың нұсқасы бойынша 2017 жылдың үздік боксшысы атағы үшін үміткерлер тізіміне енді.

Үміткерлердің тізімі 18 желтоқсан күні жарияланып, сол күннен дауыс беру басталады.

Геннадийден тыс, «Жыл боксшысы» атағы үшін Сауль Альварес, Теренс Кроуфорд, Василий Ломаченко, Андре Уорд, Майки Гарсия, Мигель Котто және өзге де спортшылар таласатын болады.

Еске сала кетсек, GGG өз кәсіби мансабында бұл атаққа үш рет - 2013, 2014 және 2015 жылдары қол жеткізген болатын. Ал өткен жылы сыйлық Василий Ломаченкоға табысталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или