Ресейлік теннисші Мария Шарапова «Оушеннің он бір досы» фильмінің спин-оффы «Мисс Оушеннің сегіз құрбысы» атты фильміне түспек. Бұл туралы Tennis World USA жазады, деп хабарлайды Вaq.kzақпарат агенттігі.
Мария Шарапова фильмге түспек
Басылымның хабарлауынша, картинада америкалық теннисші Серена Уильямс та ойнайды. Екі теннисші де камео, яғни өз рөлдерін сомдайды.
«Мисс Оушеннің сегіз құрбысы» фильмінің премьерасы 2018 жылдың маусымында болады деп жоспарланған. Басты рөлдерді Сандра Буллок, Кейт Бланшетт, Хелена Бонем Картер, Энн Хэтэуэй, Рианна және тағы басқалар сомдайды. Фильмнің режиссері және сценаристі - Гэри Росс.
Айта кетейік, 30 жастағы әлемнің экс-бірінші ракеткасы мельдония қолданғаны үшін 15 айлық шеттетуден кейін 2017 жылдың сәуірінде теннис алаңына қайта оралды. Турнирлерге қатыса алмаған кезде Шарапова автобиография жазып, оны қыркүйекте жарыққа шығарды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или