Головкиннің де жетістігіне спортсүйер қауым лайықты бағасын беруде. Отандасымыз орта салмақ тарихындағы, соңғы отыз жылдағы «ең үздік нокаутқа түсіргіш» боксшы атанды. Шойын жұдырықты Гена Гиннесс рекордтар кітабына да кіріп үлгерген болатын, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Головкин тағы да үздік
1973-1987 жылдары атойлаған Марвин Хаглер — 52 жеңісінің 43-ін уақытына жеткізбей аяқтаған бірегей спортшы. Америкалық былғары қолғап шебері өз уақытында, орта салмақтың «ең үздік нокаутқа түсіргіші» деп танылған. Сынаптай сырғып отыз жыл өткенде бұл биікке Головкин шықты.
Марвин Хаглер дәуірінен бері, бұл дивизионда көптеген чемпион өнерімен тәнті етті. Дегенмен, тек Головкин ғана 23 жекпе-жегінде үзбей нокаут тіркеп, Гиннесстің рекордтар кітабына енген еді. Осылайша, Геннадий кәсіпқой бокс тарихындағы орта салмақтың «ең үздік нокаутқа түсіргіші» атағын ресми еншіледі. Бұл — қазіргі кәсіпқой бокстағы, барша әлем чемпиондары арасындағы үздік нәтиже.
«Мен үшін қызық бірнеше жекпе-жек бар. Бірақ, қарсыластарым қашқақтайды. Канеломен екінші кездесу өткізгім келеді. Орта салмақтың мықтысы әлі анықталған жоқ. Арманым — барлық чемпиондық белбеуді біріктіру», — дейді WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иегері Геннадий Головкин.
Бірнеше белбеудің иегері Головкин, танымал Хопкинстің де рекордын жаңартуға бір табан жақын тұр. Бернард чемпиондықты қатарынан 20 кездесуде, Геннадий 18 жекпе-жекте сәтті қорғаған. Отандасымыз бүгінде, Jordan, Hublot секілді әлемдік брендтердің беткеұстары. Жуырда GGG атауымен энергетикалық сусын шығарды. Қайырымдылықпен де қызу айналысуда.