Конькишілеріміздің жолы болмады
Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогының үшінші кезеңі өтіп жатыр.
Роман Креч, Артем Крикунов, Денис Кузин және Федор Мезенцевтен құралған Қазақстан құрамасы ерлер арасындағы командалық спринтке қатысты. Өкінішке қарай, біздің құрама соңғы, алтыншы, орын алды. Еншісінде 45 ұпай бар.
Ал бірінші болып мәре сызығын канадалықтар алса, екінші орынды Ресей еншіледі. Үшінші сатыда – Нидерланды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или