Майк Тайсон спортта табысты болуының құпиясын ашты
Америкалық боксшы Майк Тайсон спортта табысты болуының құпиясын ашты, деп хабарлайды Baq.kz.

Тайсон балалық шағында көп қиындық көргенін айтты.

«Мен Нью-Йорктың ең кедей ауданында туып өстім. Анам маскүнем, әкем сутенер болатын. Жақсы тәрбие алмағандықтан, заңды көп бұздым», - дейді боксшы.

Спортшының айтуынша, жаттықтырушы Касса Д'Аматомен кездескеннен кейін өмірі түбегейлі өзгерген.

«Ол маған қалай жұдырықтасу керектігін үйретті. Сол кісінің арқасында менің өмірім жақсы жаққа өзгерді», - дейді ол.

Боксшының ринг пен өмірдегі көптеген жеңіс пен жеңілістен үйренгені – қандай қиын жағдай болса да, өзімізге жанашырлық танытпай, өмірді басынан бастау. 51 жастағы спортшы кәсіби мансабында 50 рет жеңіске жетіп, 6 рет жеңілген. 1986 жылы ол әлемдегі ең жас чемпион атанды. Рингтегі жетістіктерінен өзге спортшы 1992, 1998 және 2008 жылдары сотталғанымен белгілі.