Арман Рысбек АҚШ-та кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіне шығады
«Astana Arlans» құрамында WSB чемпионы атаған Арман Рысбек АҚШ-та кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіне дайындалуда.
Боксшының менеджері Фархад Шарипов Арманның дебюті 1 желтоқсан күні Флорида штатының Тамп қаласында өтеетінін айтты.
Айта кететін жайт, оның кездесуі тағы бір қазақстандық былғары қолғап шебері Иван Дычконың бокс кешінде өтеді.
Оның қарсыласы 26 жастағы америкалық боксшы Дональд Джексон (0-1) болмақ. Екінші орта салмақтағы жекпе-жек төрт раундқа жалғасады.
Boxrec.com-ның ақпаратына сүйенсек, 27 қаңтарда Орландода Арман екінші айқасын өткізуі тиіс. Онда жерлесіміз америкалық Эштон Сайкспен (1-0) жұдырық түйістіреді. Сол бокс кешінде рингке Кіші Флойд Мэйвезердің інісі Джастин Мэйвезер Джонс та көтеріледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или