Оңтүстік Кореяның бұрынғы спортшысы Қазақстанның намысын қорғайды

Оңтүстік Кореяның бұрынғы спортшысы Қазақстанның намысын қорғайды

Оңтүстік Кореяның бұрынғы азаматы Пхенчханда өтетін қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын қорғайды, деп хабарлайды Хабар 24.

Ким Йонг А - Қазақстанның шорт-тректен әйелдер құрамасының спортшысы. Оны елімізге Қазақстан құрамасының жетекшісі болған бұрынғы жаттықтырушысы шақырған. Йонг А-ның Қазақстан азаматтығын алу шешіміне ата-анасы түсіністікпен қараған. 

«Қазір қай ел ұнаса сол елдің азаматтығын алуға мүмкіндік бар. Спортшы ретінде арманыңа қол жеткізетін елде өмір сүру - өте керемет және бірегей бақыт. Қазақстан тұрғындары өте мейірімді және ауқатты тұратынын білемін. Үлкен аумағы да адамдарға еркіндік береді, әрі Кореямен салыстырғанда ол жақтың ауасы таза», - дейді Ким Йонг Аның әкесі Ким Джонг Гон.

Қазақстан құрамасында оған еліміздің даңқты қызы Әлия Молдағұлованың құрметіне орай Әлия деген есім берілген. Астанада тұрған үш жыл ішінде Ким Йонг А қазақтың тіл үйірер тағамдарын сүйсіне жеп, қазақ тілін үйренуді бастап кеткен.

«Қазақстанмен салыстырғанда Кореядағы мұз алаңдары әлдеқайда суық. Сондықтан да жаттығу жасаған қолайлы. Пхёнчханда менің бүкіл өмірім өтті, ауа-райын да жақсы білемін, ас-ауқаты да үйреншікті мен үшін. Сондықтан да осында өтетін олимпиадада жеңіске жетуге бар күш-жігерімді саламын», - деді шорт-тректен Қазақстан құрамасының мүшесі Ким Йонг А. 

Айта кететін жайт, Ким Йонг А шорт-тректен әйелдер құрамасымен бірге олимпиада алдындағы жаттығуларын Оңтүстік Кореяда өткізетін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или