Том Леффлер: Екінші айқас үлкен оқиға болады
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер Boxeo de Nocaut-қа сұқбат берді.
Том тілшінің Альвареспен болуы ықтимал екінші кездесуі жайлы:
«Бізде реванштан түсетін табыстың пайызы туралы әзірге ешқандай нақты шешім жоқ.
Бұл Головкин мен «Канелоға» байланысты, бірақ олар алғашқы айқастан рекордтық гонорар алды. Яғни екінші жекпе-жекті мұндай сәтті қадамнан соң ұйымдастыру жеңіл болады. Фанаттардың сұранысына және алғашқы кездесудің қорытындысына қарағанда, реванш одан да үлкен оқиға болады»,- деп атап өтті Леффлер.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или