Головкин Альвареспен Мексика астанасында жұдырықтасуға дайын

Головкин Альвареспен Мексика астанасында жұдырықтасуға дайын

Орта салмақта әлем чемпионы Генннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареске қарсы екінші жекпе-жекті Канелоның отанында өткізуге дайын.

Қазақстандық боксшы «Ацтек» стадионында жұдырықтасуға қарсы емес екенін айтты. Бұл аренаға 87 мың жанкүйер сыяды.

«Бұл тамаша идея, «Ацтек» стадионында жұдырықтасқым келеді. Өзімді дайын сезінемін. Егер Альварес қаласа, мен дайынмын. Бірақ одан сұрау қажет», - деді Головкин.

Айта кетейік, олардың алғашқы жекпе-жегі биыл қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, боксшылар тең түскен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или