Нұрсұлтанов 92-ші орынға көтерілді
Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен бокс кешінде қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (5-0, 4 КО) американдық Эрик Мунды (7-1, 6 КО) жеңген болатын.
Осы жеңістің арқасында Нұрсұлтанов беделді BoxRec.com сайтының рейтингісінде өз жағдайын жақсартып алды. Орта салмақта өнер көрсететін боксшы 120-шы орыннан 92-ші сатыға жоғарылады.
Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокста өткізген 5 жекпе-жегінің бәрін жеңіспен аяқтады, төртеуі – нокаутпен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или