Алматыда Конфедерациясы кубогының финалдық кезеңі өтеді

Алматыда Конфедерациясы кубогының финалдық кезеңі өтеді

Желтоқсанның 2-і мен 3-і  күндері Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында спорттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері бойынша конфедерациясы кубогының финалдық кезеңі өтеді.

Қазақстанда екінші рет ұйымдастырылып отырған бокс, күрес, дзюдо, таеквондо және қазақ күресінен  бірлескен командалық жарыс ретінде өтетін шараның жалпы жүлде қоры – 125 000 000 теңге. Конфедерация кубогы үшін қатысушы командалар  жеребе бойынша  төрт топқа бөлінген еді:

«А» тобы: Алматы облысы, БҚО, Павлодар облысы, Атырау облысы;

«B» тобы: Маңғыстау облысы, СҚО, Қарағанды облысы, ШҚО;

«С» тобы: ОҚО, Ақтөбе облысы, Астана қаласы, Қостанай облысы,

«D» тобы: Жамбыл облысы, Қызылорда облысы, Алматы қаласы, Ақмола облысы

Іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша жарыстың жартылай финалында келесі командалардың спортшылары бақтарын сынайды:

Таеквондо: Алматы қаласы, Алматы облысы, ОҚО, Маңғыстау облысы;

Дзюдо: Алматы қаласы, Атырау облысы, Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы;

Грек-рим күресі: Қызылорда облысы, Алматы облысы, ОҚО, Қарағанды облысы;

Еркін күрес: Алматы қаласы, Алматы облысы, Ақтөбе облысы, ШҚО;

Сонымен қатар, желтоқсан айының 1-і  күні Алматы қаласында қазақ күресінен клубтар арасында конфедерация кубогының іріктеу кезеңі өтеді. Іріктеу кезеңінен іркілмей өткен 4 топ конфедерация кубогының ақтық сынына қатысуға жолдама алады.

Естеріңізге сала кетсек, биыл спорттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері бойынша конфедерацияға 5 жыл толды. Конфедерация кубогы ҚР ҰОК Президенті Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың  бастамасымен биыл екінші рет  ұйымдастырылып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или