Питер Куилли төрешілер шешімен келіспейді
«Найман» деген лақап атымен таныс Қуат Хамитов МакГрегордың отандасын жеңді.
Қазақстандық спортшы FIGHT NIGHTS GLOBAL 80 турнирінің басты кездесуінде ирландиялық Питер Куиллиді төрешілер шешімімен ұтқан.

Бірінші раундтарда «Найманның» басымдығы байқалса, кейін ирландиялық спортшы белсенді болды. Жекпе-жек жоспарланған 5 кезеңге созылып, қарсыластар бір-бірінің осал тұсын таба алмады.
Нәтижесінде үш төрешінің екеуі қазақстандық спортшыны жеңімпаз деп таныған. Ал Питер Куилли бұл шешіммен келіспейтінін жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или