Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогында алғаш рет қола жүлдеге ие болды
Швецияның Эстерсунд қаласында өтіп жатқан Биатлоннан әлем кубогының бірінші кезеңінде Қазақстан спортшылары қола жүлде алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы спорт журналисі Руслан Мелдебек Фейсбуктегі парақшасында жазды.
«Тойла, Қазақстан! Биатлоннан əлем кубогында қола алдық! Галина Вишневская мен Максим Браун екілік-микстта үздік үштікте. Тарихи медаль!», - деп жазды ол.<br style="box-sizing: border-box;" />Мәре сызығын бірінші болып австриялық биатлоншылар Лиза Тереза Хаузер мен Симон Эдер кесіп өтті, Германия спортшылары Ванесса Хинц пен Эрика Лессер екінші орында. Қазақстандықтар Галина Вишневская мен Максим Браун үшінші орынға тұрақтады.<br style="box-sizing: border-box;" />Айта кетерлігі, Эстерсундтағы кезең 3 желтоқсанда аяқталады, ал 7-10 желтоқсанда Әлем кубогі Австрияның Хохфильцен кентінде жалғасады.