Таразда еркін күрестен Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған турнирі өтеді
Таразда мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған ересектер арасындағы еркін күрестен халықаралық турнир өтеді.
Ашылу рәсімі «Тараз-Арена» спорт сарайында өтеді.
2007 жылдан бері турнир республикалық деңгейде, ал 2012 жылдан бастап халықаралық деңгейде өтіп жатыр. Былтырғы сайысқа Ресей, Моңғолия, Бразилия, Армения, Грузия, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен келген 150-ден астам спортшы қатысқан еді. Биыл олардың қатарына Жапония, Польша, Украина, Беларусь, Әзербайжан кірді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш жарыстың мақсаты - Қазақстанның еркін күресін дамыту, жастардың патриоттық сезімін ояту, ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы тапсырмаларды орындау.
Бірінші орынды иемденген спортшы 5 мың доллар алады. Әр салмақ дәрежесі бойынша бірінші орын алған спортшы-жеңімпаздардың жаттықтырушыларына бір мың доллар көлемінде қаржылай сыйақы беріледі.