Мейірім Нұрсұлтанов бесінші жеңісіне жетті
Қазақстандық былғары қолғап шебері Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы бесінші жекпе-жегін сәтті өткізді.
Бүгін таңертең Нью-Йорк қаласында Мейірім Нұрсұлтанов жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Эрик Мунмен қолғап түйістірді.
Алты раундқа жоспарланған жекпе-жек уақытынан бұрын аяқталды. Қазақстандық боксшы қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Басты жекпе-жекте ресейлік боксшы Сергей Ковалев (30-2-1, 26КО) украиналық боксшы Вячеслав Шабранскиден (19-1, 16КО) басым болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или