Боксшы алғаш рет нокаутқа түсіп, көп ұзамай көз жұмды

Боксшы алғаш рет нокаутқа түсіп, көп ұзамай көз жұмды

Сальвадор бокшысы Франсиско Руис небәрі 24 жаста болатын. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. 

<span>Осыдан бір апта бұрын болған жекпе-жекте Руис өзінің жерлесі - Рикардо Кортеспен жұдырықтасқан еді. Айқас Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) аясында өтті. Сегізінші раунда Руис ауыр нокаут алып қалды. Құлағанда басын да қатты соғып алды. Оны бірден жергілікті госпитальға жеткізген. Алайда боксшы бірнеше күн бойы  есін жинай алмады. </span>

<span>Франсиско Руистың туған-туыстары оны жасанды ауа беру аппаратынан ағытуға келісті. </span>

<span>Айта кетейік, Руистің соңғы жекпе-жегі ол үшін алғаш рет сегіз раундқа дейін жалғасты. Бұған дейін төрт раундтан үш айқасты өткізіп, үшеуінде де жеңіске жеткен.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или