ХОК өкіілі: Спорттық нысандар салынып біткен, Олимпиада ауылы дайын
Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) оңтүстіккореялық Пхенчханды 2018 жылғы Олимпиада ойындарына толықтай дайын деп таныды. Бұл туралы ХОК ресми сайтында мәлім етілген.
<span>«Спорттық нысандар салынып біткен, Олимпиада ауылы дайын, Олимпиада алауының эстафетасына бүкіл Оңтүстік Корея тұрғындары қызығушылық танытып жатыр. Бұл жарыс спортшылар үшін де, жанкүйерлер үшін де ұмытылмас оқиға болмақ», - деді ХОК үйлестіру комиссиясының төрағасы Гунилла Линдберг. </span>
<span>«Олимпиаданың басталуына 79 күн қалды, біз әлемді қарсы алуға дайынбыз», - деді 2018 жылғы Олимпиада ойындары ұйымдастыру комитетінің басшысы Ли Хи Бом. Еске сала кетсек, 2018 жылғы Олимпиада ойындары Пхенчханда 9-28 ақпан аралығында өтеді. </span>
<br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или