Нұрислам Санаев - «Аланы-2017» жарысының қола жүлдегері
Владикавказда еркін күрестен халықаралық «Аланы-2017» турнирі өз мәресіне жетті. Жарыстың екінші күні 61, 70, 86 және 125 келі салмақтағы балуандар өзара мықтыны анықтады.
Осы жарыста 61 келіде ел намысын Нұрислам Санаев абыроймен қорғады. Әлемнің мықтылары жиналған додада ресейлік Исмаил Мусукаев жеңімпаз атанса, Зелимхан Абакаров екінші орынды қанағат тұтты. Ал отандасымыз қола медаль үшін белдесуде қос қазақстандық балуандар Владимир Кудрин мен Нұрислам кездесті. Белгісіз себептермен Кудрин белдесуге шықпай жеңіс Санаевқа бұйырды.
Нәтижесінде, Нұрислам Санаев жарыстың қола жүлдегері атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или