Иван Дычконың қарсыласы белгілі болды

Иван Дычконың қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычконың (2-0, 2 КО) келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды отандық басылымдар.

Жерлесіміз 1 желтоқсанда Тампта (АҚШ, Флорида штаты) USF Sun Dome аренасында жергілікті боксшы Ламарко Эллиспен қолғап түйістіретін болды. BoxRec.com порталы мәліметіне сүйенсек,  Эллис кәсіпқой бокста жалпы алты кездесу өткізіп, екеуінде қарсыласын ұтып, төрт кездесуінде қарсыласынан жеңіліп қалған. Ал Дычко 13 қазанда америкалық Родригес Кейдті үшінші раунда (0-1) тізе бүктірген еді.

Айта кетейік, Иван Дычконың бокс кешіне кіру құны 35 доллар (11 638 теңге), 55 доллар (18 288 теңге) және 75 доллар (24 938 теңге).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или