Жанбота Алдабергенова: Ұлттық спорттық жүлдесінің үміткері атанғаныма қуаныштымын

Жанбота Алдабергенова: Ұлттық спорттық жүлдесінің үміткері атанғаныма қуаныштымын

Ұлттық Спорттық Жүлдесінің жеңімпаздарын анықтау жалғасуда. Қазақстандықтар үздік спортшы, жаттықтырушы, команда мен спорттық ұйымдар үшін белсенді дауыс беріп жатыр. Тоғыз номинация бойынша бүгінгі күні 90 мыңнан астам дауыс қабылданды. 

"Қысқы спорт түрлері бойынша Жыл Спортшысы" номинациясында әзірше фристайл спортшысы Жанбота Алдабергенова алда тұр. Ол шорт-трекші Нұрберген Жұмағазиевбен бірге алға шықты. 

"Ұлттық Спорттық Жүлдесінің Жыл Спортшысы атағына үміткер ретінде танылғандығын қуана қарсы алдым. Маған дауыс беріп жатқан барлық жанкүйерлеріме алғысымды білдіремін. Басқа спортшыларға да сәттілік! Біздің маусымымыз енді басталып жатыр. Қазір Финляндияда алғашқы оқу жаттығу жиынымыз басталды, одан кейін Қытайда алғашқы әлем Кубогының кезеңдері өтпек. Қаңтардан бастап өте жауапты кезең басталады, Олимпиадаға дейін Әлем кубогының бес кезеңі өтеді" дейді Жанбота. 

Байқау Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен осымен үшінші рет өткізіліп отыр. 2017 жылы «Жылдың Ұлттық спорттық жүлдесі» жаңа телевизиялық форматта өтеді. Жанкүйерлер өздері номинацияларға қатысып жатқандар дауыстарын бере алады. Дауыс беру ҚР ҰОК www.olympic.kz ресми сайтында қарашаның 28-не дейін жалғасады. Осы айдың ортасында жүлденің әрбір номинациясында ұсынылған үміткерлер туралы, олардың үстіміздегі жылдағы жетістіктері туралы толық мәлімет беретін арнайы күнделіктер «Хабар» арнасында эфирге шықпақ. 

Жылдың спорттық жүлдесінің қорытындысы салтанатты түрде үстіміздегі жылдың 30 қарашасында шығарылмақ. Жобаға «Hilton Astana» отелі, Toyota Motor Kazakhstan қолдау білдірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или