Иван Дычко жекпе-жегінің билетінің құны белгілі болды

Иван Дычко жекпе-жегінің билетінің құны белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко (2-0, 2 КО) келесі кездесуін 1 желтоқсанда Тампта (АҚШ, Флорида штаты) USF Sun Dome аренасында өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Оның қарсыласының кім болатындығы әлі белгісіз. 

Ал бокс кешіне кіру билеттерінің құны 35 доллар (11 638 теңге), 55 доллар (18 288 теңге) және 75 доллар (24 938 теңге) арасында болады. Тамптағы бокс кешінің хедлайнері Кристиан Камачо (5-1, 1 КО). Оның қарсыласы да әлі анықталмаған. 

Еске сала кетейік, 13 қазанда өткен соңғы кездесуінде Дычко үшінші раунда америкалық Родригес Кейдті (0-1) тізе бүктірген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или