Шорттрекшілер Пхенчхан Олимпиадасына лицензия алу үшін жарысқа түсті
<span>Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Пхенчханда өтетін Олимпиадаға лицензия алу үшін жарысқа түсті. </span>
<span>Спортшыларымыз Сеулде әлем кубогының төртінші кезеңіне қатысып отыр. Команданың бас бапкері Мәдиғали Қарсыбековтың айтуынша, Оңтүстік Кореядағы Олимпиада ойындарының алдында іріктеу ережелері өзгерген. Бұрын оның екі кезеңі ғана болса, қазір төртеуге дейін көбейді. Мәдиғали Қарсыбековтың болжауынша, қазақстандық шорттрекшілер келер жылы өтетін қысқы Олимпиадаға кемінде 10 шақты лицензия алуы мүмкін. </span>
<span>– Корея, Канада елдерінен жарыстарға төрт спортшыдан қатысты. Негізі бір қашықтық бойынша әр елден тек үш шорттрекші қатысуы тиіс. Сондықтан кейбір спортшыларға жолдама берілмейді. Біздің құраманың мүмкіндігі өте жоғары. Ким Ён А мен Настя Крестова шамамен бес лицензия алады. Мәдина Жанбосынова мен Әсел Тайшманова да қабілетті спортшылар, бірақ олардың әлем кубогына қатысу тәжірибесі жоқ. Әйелдер командасына лицензия алу қиынға соғуы мүмкін. Бірақ олардың нәтижелері жақсы. Болашақта шорт-тректен Қазақстан әйелдер командасы өте мықты болатынына сенімдімін, - деді шорт-тректен Қазақстан құраманың бас бапкері Мәдиғали Қарсыбеков.</span>