Владимир Кличко рингке қайта оралуы мүмкIн

Владимир Кличко рингке қайта оралуы мүмкIн

 Ауыр салмақ бойынша бокстан бұрынғы әлем чемпионы украиндық Владимир Кличко спорттық мансабын жалғастыру туралы сұраққа жауап берді.

«Қазір, 2 ай бұрын боксшы мансабын аяқтау туралы шешім қабылдағаннан кейін, бұл шешімнің дұрыс болғанын айтқым келеді», - деп мәлімдеді Кличко BBC-ге берген сұхбатында. Сондай-ақ, украиндық болашақта боксқа қайта оралуы мүмкін екенін де жасырмады.

«Бұлай кесіп айтуға да болмас. Мүмкін, екі жылдан кейін спорттық жолымды жалғастыратын шығармын. Бірақ, мен оны қаламас едім», - деп атап өтті Кличко.

41 жастағы Кличко кәсіби рингте 69 айқас өткізіп, оның 64-ін жеңіспен (54-і - нокаутпен) аяқтаса, бес рет сүрінген еді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или