Тұрсынбаева Франция Гран-приін сәтсіз бастады
Гренобльдегі Франция Гран-приінің қысқа бағдарламасында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева жекелей сында алтыншы орын алды.
17 жастағы қазақстандық алғашқы секіру элементін сәтсіз жасады. Сондықтан, төрешілер оған көп ұпай қойған жоқ. Нәтижесінде ол 62.29 ұпаймен алтыншы орында тұр.
Көш басында канадалық Кейтлин Осмонд келе жатыр – 69.05 ұпай. Екінші орында ресейлік Мария Сотскова – 67.79, үздік үштікті жапон Юна Шираива түйіндеп тұр – 66.05.
Еркін бағдарлама бүгін өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или