Джейкобс Головкинмен қарымта жекпе-жек өткізуге дайын
Британдық промоутер Эдди Хирн Геннадий Головкинге қарсы қарымта жекпе-жекке Дэниел Джейкобстың дайын екендігін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Менің ойымша Джейкобстың Билли Джо Сондерс пен Давид Лемье арасында болатын жекпе-жек жеңімпазымен кездесуі заңдылық. Егер Лемье жеңіске жетсе оның Golden Boy-дағы промоутерлері оны Альварес-Головкин арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездестіруі үшін ұстай тұруы мүмкін. Бірақ мен Том Лёффлерге (Головкиннің промоутері) егер қарымта жекпе-жек қандай да бір себептермен болмай қалса, Джейкобс-Головкин арасында жекпе-жек ұйымдастыруға әзір екенімізді айттым», - дейді дейді Хирн BoxingScene-ке берген пікірінде.

Головкин мамыр айында Сауль Альвареспен қарымта жекпе-жекке шықпақ. Бірақ қандай да жағдайларға байланысты жекпе-жек болмай қалса, ол Джейкобспен қайта кездесуі мүмкін.