Иван Дычконың келесі кездесуі қашан өтетіні анықталды

Иван Дычконың келесі кездесуі қашан өтетіні анықталды

<span>Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычконың (2-0, 2 КО) менеджері Зия Алиев боксшының келесі жекпе-жегі қашан өтетінін хабарлады, деп жазуда отандық басылымдар.</span>

<span>Дычко келесі кездесуін 1 желтоқсанда Тампта (АҚШ, Флорида штаты) USF Sun Dome аренасында өткізеді. Одан бөлек, қазақстандық аса ауыр салмақтағы боксшы 8 немесе 9 желтоқсанда да кездесуге шығуы мүмкін. Алайда, ол 1 желтоқсандағы кездесудің қалай өтетініне байланысты болады.</span>

<span>Естеріңізге салайық, 13 қазанда өткен соңғы кездесуінде Дычко үшінші раунда америкалық Родригес Кейдті (0-1) тізе бүктірген еді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или