Алматыда грек-рим күресінен Шәміл Серіковты еске алуға арналған турнир басталды

Алматыда грек-рим күресінен Шәміл Серіковты еске алуға арналған турнир басталды

Бүгін Алматыда екі дүркін әлем, Еуропа, 1980 жылғы Олимпиада чемпионы Шәміл Серіковті еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы грек-рим күресінен турнир басталады, деп хабарлайды Қазақпарат.

<span> Еуразиялық турнирге еліміздің әр облысынан  және ТМД елдерінен келген жас балуандар қатысады. Шараның басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, ҚР Ұлттық құрама командасына спортшыларды іріктеу, мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту. Турнирді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Грек-рим, еркін және әйелдер күресі Федерациясы ұйымдастырады.  Естеріңізге сала кетейік, Шәміл  Серіков (1956 ж., 5 наурыз - 1989 ж., 22 қараша), қазақстандық грек-рим күресінің шебері, 57 кг дейін салмақта күреспен 1970 жылдан бастап  айналысқан, 1975 жылы КСРО спорт шеберінің нормативін орындаған, 1978 жылы халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері, 1979 - КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, 1978 жылы - КСРО чемпионы, 1979 - Еуропа чемпионы, 1978-1979 жж - Әлем чемпионы, 1980 - Олимпиада чемпионы атанды.</span>

<br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или