Оңтүстік Корея Республикасының Пхенчхан қаласында өтетін 23 қысқы олимпиада ойындарының ашылуына 86 күн қалды. Қазақстанның спорттық делегациясы аталған олимпиадада 9 спорт түрінен бақ сынайтын болады. Бұл туралы Baq.kz жазды.
Қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиадаға 9 спорт түрінен қатысады
Осы орайда ол қысқы Олимпиада ойындарына қанша мемлекет қатысатынын атап өтті. Оның айтуынша, қазақстандық спортшылар 9 спорт түрінен бақ сынайды.
«Осы Олимпиада ойындарына 80-нен астам әлем елінен 5 мыңнан астам спортшының және ресми тұлғалардың қатысуы жоспарланған. Олимпиада ойындарының 15 спорт түрі бойынша 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстанның спорттық делегациясы 9 спорт түрінен: биатлон, мәнерлеп сырғанау, тау шаңғысы, шорт-трек, конькимен жүгіру, шаңғы, шана спорты, шаңғымен трамплиннен секіру, фристаил, акробатика могул бойынша қатысуды жоспарлап отыр. Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарында жеке команда ретінде тұңғыш рет 1994 жылы Лиллехаммер қаласында өнер көрсеткені баршамызға мәлім», - деді министр.
Оның айтуынша, Қазақстанның ұлттық құрамасы Тәуелсіздік жылдарында қысқы Олимпиада ойындарында 7 медаль жеңіп алған. Ол – 1 алтын, 3 күміс және 4 қола.