Гүлжан Исанова: Ендігі жоспарым – 2018 жылғы Азия ойындарына дайындалу

Гүлжан Исанова: Ендігі жоспарым – 2018 жылғы Азия ойындарына дайындалу

Дзюдодан Ақтөбеде өткен Қазақстан чемпионатында 78 келіден жоғары салмақта Гүлжан Исанова топ жарды. Ақтық жекпе-жектен соң тәжірибелі балуан Prosports.kz тілшісіне шағын сұхбат берді.

- Елімізде дзюдо спорты дамып келеді. Биылғы жарысқа барлық мықты балуандарымыз қатысты. Олимпиада жүлдегері Отгонцэцэг Галбадрахтың өзі келді. Сондықтан, биылғы ел чемпионаты жоғары деңгейде өтті. Менің Қазақстан біріншілігіне қатысып жүргеніме бірнеше жыл болды. Әр спортшы мықты дайындалып келген. Себебі олар өз қалаларының намысын қорғайды ғой.

- Енді алда қандай жоспарлар бар?

- Жеке өзімнің жоспарым – 2018 жылы өтетін Азия ойындарына дайындалу. Биылға жарыс бітті.

- Сіз еліміздегі ең тәжирелі дзюдошылардың бірісіз. Болашақта сіздің салмағыңызда (+78 кг) кім бірінші нөмір болуы мүмкін?

- Бүгін қатысқан талдықорғандық Камила Берлікашқа үлкен үміт артамын. Егер өз-өзін аямай еңбек етсе, жақсы жетістіктерге қол жеткізеді.

- Биыл әлем чемпионатында Галбадрах қана жүлделі орын алды. Басқа дзюдошы қыздарға не жетіспей жүр?

- Біздің елімізде дзюдо спорты енді дамып жатыр ғой. Олимпиадалардан да жүлделерді енді жеңіп жатырмыз. Болашақта әлемдік жарыстарда жүлделеріміз көп болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или