Almaty Arena және Halyk Arena мұз сарайында жаппай сырғанау маусымы жалғасуда

Almaty Arena және Halyk Arena мұз сарайында жаппай сырғанау маусымы жалғасуда

<span>Almaty Arena және Halyk Arena мұз сарайында жаппай сырғанау маусымы жалғасуда, деп хабарлайды Ақпараттық және спорттық ХАБ. </span>

<span>Алматы қаласының түрғындары мен қонақтарына сенбі және жексенбі күндері жұмыс істейтін мұз айдындары бір кесте бойынша қызмет көрсетуде. Дәлірек айтсақ, екі сағаттық бір сеанстың бағасы балаларға - 300-500 теңге, студенттер мен зейнеткерлерге - 500-800-1000 теңге, ал үлкендерге 500-1000-1500 теңге болады. Жаппай сырғанау уақыты - сенбі күндері сағат 11:00-ден 23:00-ге, ал жексенбі күндері 22:00-ге дейін.   Сонымен қатар, бұл жерде жаңадан сырғанақ тебуді үйреніп жүргендерге арнайы нұсқаушылар қызметін көрсетуге әрдайым әзір.   «Біз таңертенгі 10-нан кешкі 10-ға дейін жұмыс істейміз. Мұнда төрт сеанс болады, мұз айдынына жаңадан келгендерге көмегімізді аямаймыз. Балаларға да, үлкен кісілерге де үйретеміз. Бірақ, үйрету бізде тегін емес, 30 минутқа 1500 теңге аламыз. Бірақ, бізге көмек сұрап келгендерге қарсылық білдірмейміз, былай да көмектесе береміз. Адамдарға осы жерде коньки тепкен өте ұнайды», - деді нұсқаушылардың бірі Елдана.   Оның айтуынша, мұз айдынында нұсқаушы болып жұмыс істеп жүргеніне бір жылдан асқан. Қонақтардың арасынан отбасымен келетіндерді жиі кездестіреді екен. Жалпы, қазір келушілердің саны күннен күнге артып келеді. Желтоқсан, қаңтар айларында бір сеанста орташа есеппен 100-150, кей кездері 200 адамға дейін жиналатынын айтты.   «Бүгін біз немереміздің туған күнін атап өтіп жүрміз. Немерем осы жерге келейік деген соң бас тартпадым, - дейді келушілердің бірі Ерғали Мамырбеков. - Бірақ менің коньки теппегеніме көп жылдар болды. Ұмытып қалыппын, міне, енді қайта үйреніп келемін. Қиындау әрине. Жасым 60-қа келді. Зейнетке шыққан соң жиі келіп тұратын боламын», - деді ол.    </span>

<br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или