Бахрейнде ММА бойынша әлем біріншілігі басталды
Бүгін Бахрейн астанасы Манама қаласында ММА бойынша әлем біріншілігі басталды.
Дүбірлі дода 12-19 қараша аралығында өтеді. Әлем чемпионатында 14 салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атағы үшін 51 елден 252 спортшы жарысады.
Қазақстан намысын әлем чемпионатында ұлттық құрамасынының 15 спортшысы қорғайды. Әлем чемпионатында Қазақстан атынан алғаш рет әйелдер дивизионда 52,2 кг дейін салмақта Азия вице-чемпионы алматылық Аян Тұрсын және 56,7 кг дейін салмақта Талдықорған спортшысы Гүлмира Нұғманова қатысады.
Ерлер арасында келесі салмақ дәрежесінде спортшылар:
56,7 кг-ға дейін - Азия чемпионы Ерназ Мұсабек (Астана) және Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері Дастан Жақыпбек (Алматы облысы);
61,2 кг-ға дейін - Қазақстан күміс жүлдегері Жетпісов Дінислам (Қарағанды) және Азия чемпионы Олжас Молдағалиев (Атырау); 65,8 кг-ға дейін - Қазақстан чемпионы Мерей Жұбанов (Қарағанды) және Азия чемпионатыныңкүміс жүлдегері Бекзат Жасия (Оңтүстік Қазақстан облысы);
70,3 кг-ға дейін - Азия чемпионатының күміс жүлдегері Неймат Асадов (Қарағанды) және Дархан Жұмабай (Ақмола облысы);
77,1 кг-ға дейін - Азия чемпионы Жан Кенжебаев (Алматы) және Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері Махир Алиев (Астана);
83,9 кг-ға дейін Азия чемпионатының қола жүлдегері Мейрамбек Демеубаев (Астана) және Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері Мәди Досмұхаметов(Алматы облысы);
93 кг-ға дейін - Азия және Еуропа чемпионаттарының қола жүлдегері Құдайберген Төлеубаев (Қарағанды).
Әлем чемпионаты IMMAF халықаралық MMA федерациясы ұйымдастырумен аралас жекпе-жек апталығы аясында өтіп, соңында «Brave» халықаралық кәсіби турнирі өтеді.