Головкиннің бұрынғы қарсылаы Джейкобс жеңіске жетті

Головкиннің бұрынғы қарсылаы Джейкобс жеңіске жетті

Кәсіпқой бокстың орта салмақтағы мықтыларының бірі – америкалық Дэниэл Джейкобс бүгін отандасы Луис Ариасты жеңді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл - Луис Ариастың карьерасындағы алғашқы жеңіліс. Ал, Джейкобс болса қазақстандық Геннадий Головкинмен болған жекпе-жектен кейін рингке алғаш шыққан болатын.

Бруклиндегі Barclays Center аренасында өткен жекпе-жек 12 раундқа созылып, Джейкобс төрешілердің шешімімен (118-109, 120-107 және 119-108) басым деп танылды.

Еске сала кетейік, Дэниэл Джейкобс осы жылғы наурызда әлі күнге жеңіліс таппаған қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығып, төрешілер шешімімен ұтылған. Джейкобстың өзі бұл бәсекеде жеңілдім деп есептемейтінін мәлімдеді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, шымкенттің тумасы, Нью-Йорктің үздік полицейі Димаш Ниязов та осы бокс кешінің аясында<span> </span>жеңіске<span> </span>жетті.

<iframe width="960" height="542" src="https://www.youtube.com/embed/ejvdK8Oyuoc" frameborder="0" gesture="media" allowfullscreen></iframe>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или