Батыр Жүкембаев алдағы қарсыласының есімін білді
16-желтоқсан күні Канаданың Place Bell аренасында үлкен бокс кеші өтеді.
Бокс кешінің басты жекпе-жегінде <span>WBO чемпионы Билли Джо Сондерс (25-0, 12 КО) және канадалық Давид Лемье (38-3, 33 КО) кездеседі.</span>
<span>Аталған жекпе-жектің андеркардында қазақстандық Батыр Жүкембаев та шаршы алаңға көтеріледі. </span>
<span>Бүгінгі күнге дейін он кездесу өткізіп оның барлығында жеңіске жеткен Батырдың қарсыласы американдық боксшы Уилберт Лопес (20-8, 14 КО) болмақ. </span>
<span>Естеріңізде болса, Жүкембаев соңғы кездесуін 27-қазанда өткізіп, мексикалық Хосе Эмилио Переаны (24-9, 15 КО) бірінші раундта накаутқа түсірген болатын. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или