Жансай Смағұлов: Финалда шаршаңқырап қалдым
Азия чемпионатының қола жүлдегері Жансай Смағұлов бүгін Қазақстан чемпионатының финалдық белдесуінде жеңіліп қалған соң Prosports.kz тілшісіне өз пікірін айтты.
- Ел біріншілігі жыл санап дамып жатыр. Бүгінгі чемпионатқа келер болсақ, бәрі ойдағыдай. Аяғымдағы жарақатқа байланысты финалда жеңіліп қалдым. Бәрі Алланың қалауымен.
- Финалда не жетіспеді?
- Шаршап қалдым. Әлем чемпионатынан кейін үзіліссіз бес жарысқа қатыстым. Демалыс болған жоқ.
- Енді қандай жоспар бар?
- Алда Ресейдің Сан-Петербор қаласында үздік 16 балуан қатысатын байрақты дода бар. Соған дайындаламын. Ал Жаңа жылдан кейін шет елде өтетін үлкен сайыстарды бастаймыз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или