Эльмира Самиголлаева тағы бір жылға спорттан шеттетілді
Халықаралық самбо федерациясы(FIAS) қазақстандық самбошы қыз Эльмира Самиголлаеваны бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің(WADA) кодексіне бағынбағаны үшін қосымша жаза тағайындады.
Атырау тумасы Эльмира 2016-жылы Румынияның Плоешти қаласында өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатында топ жарған еді. Кейін бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік оның қанынан тиым салынған дәрі тауып бір жылға спорттан шеттеген. Сондай ақ Әлем чемпионы деген атағынан да айырған болатын.
Алайда Эльмира WADA салған тиымға қарамай халықаралық жарыстарға қатыса бергені белгілі болды. Бұл туралы informburo.kz сайты хабарлады.
Эльмира Самиголлаева үлкен жарыстардан шеттелген бір жыл арасында Орал мен Павлодардағы жарыстарға қатысқандығы әшкере болды.
Бұл қылығы бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің(WADA) кодексіне қарсы келгендіктен Халықаралық самбо федерациясы(FIAS) Эльмираны тағы бір жылға үлкн спорттан шеттетті. Ендіге жерде атыраулық қыз 2018-жылдың 21-қазанына дейін жарыстарда бой көрсете алмайды.