AFC Қазақстанда PPV-ді дамытпақ

AFC Қазақстанда PPV-ді дамытпақ

26-шы қараша күні «Алматы Аренада» дүбірлі жекпе-жек кеші өтпек.

Жаңадан ашылған AFC промоушені 12 мыңдық «Алматы Арена» спорт кешенін толтыруды көздеп отыр. АFC президенті Әділбек Тұрғынбаев аталмыш турнир аралас жекпе-жек спортына жаңа серпін алып келетінін жеткізді. Яғни, аталмыш тұжырым Қазақстанда ақылы онлайн-көрсетілімді дамытпақ.

Бұған дейін, АFC промоутерлік компаниясы тәжірибе жүзінде 2017 жылдың 1 сәуірінде өткен «Алаш Айбары» халықаралық турнирін тегін онлайн көрсеткен еді. Қорытындысында жарысты 17 мың адам тікелей эфирде тамашалаған. Осы орайда, Әділбек Тұрғынбаев Қазақстанда PPV-ді (ақылы онлайн-көрсетілім) дамыту керек екенін алға тартты.

Миллиондаған сомма кететініне қарамастан АFC промоутерлік компаниясы Ресейдің белді тұжырымы Fight Nights-пен бірігіп, халықаралық турнир өткізуді қолға алды. Шығынды екі промоушен бөліп алмақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шығынның жарты бағасы 46 миллион теңгені құраған. Алдағы уақытта қалың көрермен осы және өзге сегізбұрыш бәсекелерін АFC cайты mma.vision.com арқылы тікелей эфирде көре алады.

Қарашаның 26-ы өтетін ауқымды кештің басты жекпе-жегінде Қуат «Найман» Хамитов ирландиядық Питер Куиллимен жұдырықтасады. Ирландиялық майталман әлемдік рейтингте үздік он спортшының қатарына кіреді. Питер UFC жұлдызы Конор МакГрегордың спарринг-серіктесі. «Найман» лақап атына ие Қуат Хамитов өзінің жарқын әрі табысты жекпе-жектерімен көпшілікке жақсы таныс.

Сондай-ақ, турнир барысында «Qazaq 70» гран-приі өтеді. Гран приге 70 келі салмақ дәрежесінде Мұрат Бақторазов, Мырза Еркінбек, Олжас Есқараев, Алтынбек Бақтыгельдинов, Артем Резников бастаған 12 спортшы сынға түседі.

Сонымен қатар жекпе-жек кешінің жанкүйерлері Fight Nights нұсқасының чемпионы Георгий Кичигин мен Магомед Нуров және Жалғас Жұмағұлов пен Шадж Хэк арасындағы жекпе-жекті көре алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или