Қазақстандық кәсіпқой боксшы Латвияда жұдырықтасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Латвияда жұдырықтасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жақсылық Қырғызали 11 қараша күні Латвияда шаршы алаңға көтеріледі.

Жақсылық белорусиялық боксшы Андрей Долгожиевпен "Рига" аренасында қүш сынасады. 

Жерлесіміздің қарсыласы 32-жасар Андрей Долгожиев кәсіпқой бокста 42 кездесу өткізіп, 10 жекпе-жекте ғана жеңіске жетті, 30 рет жеңілген және 2 рет тең өткізді.

Оған қарағанда Жақсылық кәсіпқой мансабында төрт кездесу өткізіп, екеуінде жеңіске қол жеткізсе тағы екеуінде жеңілген екен. Жақсылық Қырғызали "Alban Boxing Promotion" промоутерлік компаниясының боксшысы.

Бокс кешінің ұйымдастырушысы латвиялық "LNK BOXING" промоутерлік компаниясы. Жекпе-жектерінің басталуы Астана уақытымен 23:00-де.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или