Нұрсұлтан Назарбаев теннис орталығына барды

Нұрсұлтан Назарбаев теннис орталығына барды

Қостанайда екі күндік жұмыс сапарымен жүрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев теннис орталығына барды, деп хабарлайды отандық басыдымдар.

Елбасы халық арасында үлкен теннисті танымал етуге бағытталған спорт кешенінің қызметімен танысты. Спорттық нысан 2015 жылы салынған, 788 миллион теңге жұмсалып, құрылыс жұмыстары 4 жыл жүрді. Ғимарат ішінде 3 корт, сыртта тағы сондай 3 теннис алаңы бар. Орталық 20 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде халықаралық дәрежеде ойнап жүрген қазақстандықтар жайлы айтты. Сондай-ақ, үлкен теннистен Қостанай құрамасының бапкеріне тапсырмалар жүктеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или